«19 қараша-Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні»

«19 қараша — Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні» тақырыбында Жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің, нашақорлықтың денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беру мақсатында,  қараша айының 19 күні колледж медбикесі Ж.Кулынбаева студенттер арасында ақпараттық дәріс өткізді. Дәріс барысында  темекінің және нашақорлықтың  адам ағзасына тигізетін зияны туралы мағлұматтар мен кеңестер берілді және темекінің зияны туралы бейнематериал көрсетіліп,  брошюралар таратылды. «19 қараша-Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні» тақырыбында топтар арасында ақпараттық қабырға газеттері шығарылды. Шараға колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Д.Тасберік қатысып салауатты өмір салтын қалыптастыруда өз тарапынан ақыл-кеңестер берді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.