Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай 24 қараша күні «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер циклін талқылау бойынша барлық топтарда кураторлық сағаттар өтті. 25 қарашада «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында үздік эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 1-орын 32 топ студенті А.Қожақан, 2-орын 21 топ студенті Н. Серікқазықызы, 3-орын Амангелді Данияр иеленіп, дипломмен марапатталды.





