«16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні»

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде  «16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні» мерекесіне   арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты  іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 9 желтоқсан күні «Тәуелсіздік-тұғырым!» тақырыбында колледж  кітапханашысы Г.Токсамбаева кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық  шолу жасады. «Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» тақырыбында топтар арасында қабырға газеттері  шығарылды.

10 желтоқсан күні «Мейірімді жүрек» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында  колледждегі  аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге қаржылай және заттай көмек көрсетілді. «Гүлдене бер, Қазақстан!» тақырыбында топтар арасында волейбол спорттық ойынынан  колледжішілік  жарыс  өткізілді. 11 желтоқсан күні тарих пәнінің оқытушысы Г.Токсамбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік –Мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті. 

12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы», «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. 15 желтоқсан күні жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың!»  атты тақырыпта үздік эссе байқауы және «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы өтті. Колледж  кітапханашысы Г.Токсамбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты дөңгелек үстел өтті. Барлық топ студенттері «Тәуелсіздік белестері» атты патриоттық өлеңдер челленджін ұйымдастырды.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.