16 ақпан күні коллдеждегі жастар ісі жөніндегі комитеті мен дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Курманбеков пен Д.Тасберіктің ұйымдастыруымен «Спорт-денсаулық кепілі» атты қысқы спорт түрі шаңғы тебуденколледжішілік жарыс өтті.Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 21-ші топ «Жас қыран» командасы, 2-ші орынды 11-топ «Алға» командасы, 3-ші орынды 32-топ «Марс» тобы иеленіп, дипломдармен марапатталды. Жарыста жақсы өнер көрсеткендері үшін 11-топ студенттері Айбарұлы Дамир, Алпысбайұлы Әмір, Жанан Мерей, Құрал Мәди мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс өте тартысты және қызықты өтті. Студенттердің спортқа деген құштарлықтары, ынтасы, жігерліктері, белсенділіктері жоғары деңгейде екендігі байқалды.







