Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мақсатында қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында өткен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Г. Рахыбайқызы, Бақанас ауылының «Аналар» кеңесінің төрағасы З.Надирбекова, колледж психологы Ж.Сәмет, колледж медбикесі Ж.Кулынбаева қатысып, студент қыздарға қыз бала тәрбиесі мен «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің мағынасын терең түсіндіріп, ақыл кеңестер беріп, пікір алмасты. Дөңгелек үстел ақын Ә.Нұршайықовтың қыз балаларға арналған өсиет сөздерімен қорытыланды.


