2020 жылы 9 желтоқсан күні «9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай колледждің «Саналы ұрпақ» және «Жастар» дебат клубының ұйымдастыруымен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында«Сыбайлас жемқорлық-теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс» тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті.Пікір-сайыс өте тартысты өтті. Қатысушы екі команда мүшелері де жүлделі дипломдармен марапатталды.


