«Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?»

2020 жылы 10 қараша күні «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар» дебат клубының ұйымдастыруымен студенттерді патриотизмге, тарихи құндылықтар мен халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ой-өрісін, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыпта дебат сайысы өтті, оған 1-2 курс студенттері  қатысты. Дебатқа қатысқан топтар тақырыпқа қатысты  өз көзқарастарын білдіріп, таңдалған позицияны дәлелді түрде қорғады, және қарсыластарың күшті және әлсіз жақтарын атап өтті. Дебат  қорытындысы бойынша 1-орын 1 курс 11 топ «Ақиқат» командасы, 2-орынды 1 курс 12 топ «Достық» командасы жеңіске жетіп, марапатталды.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.