Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде кәмелетке толмаған студенттердің заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылық, бопсалау, есірткі пайдаланумен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты О.Рысбек және капитан Н.Нұрланұлының қатысуымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ учаскелік инспекторы О.Рысбек кәмелет жасқа толмаған студенттерге «Зорлық-зомбылық», «Бопсалау»,«Есірткісіз болашаққа» тақырыбында баяндама оқып, студенттердің сауалдарына жауап берді және студенттерге кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы заңдарымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127, 435, 442, 448 баптарымен таныстырды.

