Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубының жоспары аясында өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу мақсатында «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Балқаш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Садықбаев қатысып, жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққақарсы мәдениетті қалыптастыруда өз баяндамаларын, пікірлерін ортаға салып, тек батыл іс-әрекеттер ғана жағдайды күрт өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың етек жаюын төмендетуге болады деп өз ойларын білдірді.


