Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде Студенттік парламент және Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға колледж ұжымы мен студенттер қатысты. Акция барысында колледждегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студентке, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге қаржылай және қыстық киімдермен қамтамасыз етуде көмек көрсетілді.


