Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Ж. Сәмет «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Тренинг кез-келген жағдайда сыбайластық әрекеттерге жол бермеудің жолдарын психологиялық тұрғыда мысал түрінде өткізді.


