«Құқықбұзушылық және Заң»

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  колледж студенттерімен Балқаш АПБ-нің ЖПҚ  ЮПТ учаскелік инспекторы, аға лейтенант  О.Рысбектің қатысуымен «Құқықбұзушылық және Заң» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Балқаш АПБ-нің ЖПҚ  ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы аға лейтенант О.Рысбек  кәмелет жасқа толмаған студенттерге ата-анасынсыз кешкі сағат 22.00-ден  бастап көшеге өз беттерімен шығуға болмайтыны ескертіліп айтылды және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы заңдарымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің  127, 435, 442, 448  баптарымен таныстырды.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.