Студенттік парламент пен «Жастар» дебат клубының ұйымдастыруымен үш тұғырлы тілдің мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын талқылау мақсатында «Үш тұғырлы тілге сіздің көзқарасыңыз қандай?» тақырыбында дебат өткізді. Пікірсайысшылар бүгінгі таңда елімізге үш тұғырлы тіл саясатының қаншалықты маңызды екенін, оның пайдалы жақтары жайлы сөз қозғап, өз көзқарастарын ортаға салды.

