Жастар ісі жөніндегі комитет және Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс — шараның мақсаты: студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы, рухани мұрасы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып жеткізу және шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, рухани мұрасының мән-мағынасын ашу, патриоттыққа тәрбиелеу.Дөңгелек үстелге 1, 2,3, курс студенттері қатысты. Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмірімен, шығармашылығына арналған таныстырылым мен «Әл-Фараби – шығыстың ғұламасы» атты бейнебаян көрсетіліп, Әбу Насыр Әл-Фарабидың философия, әлеуметану, логика, музыка саласындағы шығармашылығына байланысты «Әл-Фраби және музыка», «Әл-Фарабидің шығармашылық жолы», «Әл-Фараби және аспан астрономиясы», «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» тақырыбында баяндамалар оқылды.

