Бақанас аграрлы -индустриалдық колледжінде «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Студенттік парламент және Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Бар мейіріміміз балалар» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық шара барысында колледж ұстаздарының демеушілігімен колледждегі көпбалалы отбасынан шыққан студенттерді колледж директоры Оксикбаев Бақытжан Нұртайұлы мерекемен құттықтап, сонымен бірге көмек ретінде қажетті азық-түліктер тарту етілді.


