онлайн конференция
2021 жылы 3 маусым күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің Студенттік парламент және Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты іс-шаралар жоспары аясында “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры!” атты онлайн конференция өтті. Конференцияның мақсаты: студенттерді Тәуелсіздік жылдарында өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін дамыта отырып, патриоттыққа тәрбиелеу. Конференцияға Балқаш ауданының жастар ресурстық ортылығының маманы Гүлшат Берікбайқызы мен Балқаш аудандық мәслихатының депутаты Нұрман Мақсат Маратұлы қатысты. Студенттер Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен жетістіктері туралы баяндама жасап, презентация көрсетті.



