2021 жылы 9 маусым күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің Студенттік парламент және Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты іс-шаралар жоспары аясында “Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары” атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің Тәуелсіздік тарихы мен өз елінің жетістіктері туралы білімдерін дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу. Сайысқа 1 курс 11 топ «1201000-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 1 курс 12 топ «0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері мен Балқаш ауданының жастар ресурстық ортылығының маманы Гүлшат Берікбайқызы қатысты.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды, атап айтсақ «Бәйге», «Полиглот», «Тұлғаны таны», «Математикалық ойын», «Ой толғау». Сайыс нәтижесінде 1-орынды 11 топ студенті Нұрлыбекұлы Елунұр, 2-орынды 12 топ студенті Мусажали Нұрбек, 3-орынды 11 топ студенті Құрал Мәди және Болатхан Дияс иеленді. Студенттер Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен жетістіктері туралы білімдерін көрсетті.

Өткізу орны: ZOOM платформасында Онлайн режимінде. Конференция идентификаторы: 773 748 8563 кіру коды: 090621
Сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/77317485063?pwd=d01tMkdjbTRUNEMxSW43ZmRFSXpNQT09
