Жастар темекіге қарсы!

2021 жылы 18 қараша күні Студенттік парламенттің «Ақпарат фракциясы» мен «Спорт және салауатты өмір салты  фракциясының» мүшелерінің ұйымдастыруымен  «19 қараша-Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күніне» орай «Жастар темекіге қарсы!» атты акция өтті.  Мақсаты: Жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің, нашақорлықтың денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беру.  Акция аясында студенттерден сауалнама алынды, «Темекі шегу зиянды,  Темекі мен нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында топтар арасында ақпараттық қабырға газеттері шығарылды, волейболдан сайыс өтті және Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы А.Әсембай, колледж медбикесі Ж.Кулынбаева және Балқаш аудандық ауруханасының СӨС кабинетінің мейірбикесі М.Ғабдолқызының қатысуымен студенттер арасында «Темекі және оның денсаулыққа зияны» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Шара  барысында  темекінің және нашақорлықтың  адам ағзасына тигізетін зияны туралы  бейнематериал көрсетіліп,  баяндамалар оқылып, мағлұматтар мен кеңестер берілді, темекінің зияны туралы  брошюралар таратылды.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.