2021 жылы 8 қараша күні «Sanaly urpaq» клубы мен «Студенттік парламент» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Парасаттылық – жастар көзімен» атты печа-куча форматында кездесу өтті. Кездесуге Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығы, Жастар қозғалысының жетекшісі Серікқызы Аружан қатысты. Шараның мақсаты — жастарды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады.
Жастар қозғалысының жетекшісі Серікқызы Аружан студенттерге адалдық пен парасаттылық ұғымдары, сондай-ақ жастар мен өскелең ұрпақтың рухани — адамгершілік құндылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы түсіндіріп өтті. Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі, білімді, бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығы, «Sanaly urpaq» студенттік клубының жұмысы да таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттік жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды қалыптастыру бойынша үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіне отырып, алдағы уақытта бірлескен жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

