«Парасаттылық сағаты» акциясы аясында «Саналы ұрпақ» клубының және Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «Жастар» дебат клубының мүшелері «Жемқорлықпен күресе аламыз ба?» тақырыбында дебат өткізді. Дебаттың мақсаты: сыбайлас жемқорлықты жою жолдары туралы өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіріп, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және парасаттылыққа тәрбиелеу. Дебат барысында «Парасат» тобы мен «Адал» тобының спикерлері кез-келген жағдайда жемқорлықтың алдын алу, күресу жолдарын ұсынды. Дебат нәтижесінде «Парасат» тобы жеңіске жетіп, арнайы дипломмен марапатталды.


