Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің «Жастар» дебат клубы мен Студенттік парламеттің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында колледжішілік дебат өткізілді. Дебатқа «Азат» және «Ақжол» топтары өзара сайысқа түсті. “Мемлекеттік тіл, алдымен, мемлекеттің басқару жүйесінде мәртебе алады. Сондықтан тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы, бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілердің тілді жетік меңгеруі міндетті” — деп Азат тобы өз пікірлерін білдірді. «Жастар» дебат клубының төрағасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Керимкулованың шешімімен «Азат» тобы жеңіске жетіп, арнайы дипломмен марапатталды.



