«9 желтоқсан — Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай, «Саналы ұрпақ» клубының және Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «Жастар» дебат клубының мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?» тақырыбында дебат өткізді. Дебаттың мақсаты: сыбайлас жемқорлықты жою жолдары туралы өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіріп, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және парасаттылыққа тәрбиелеу. Дебат барысында «Парасат» тобы мен «Адал» тобының спикерлері кез-келген жағдайда жемқорлықтың алдын алу, күресу жолдарын ұсынды. Дебат нәтижесінде «Парасат» тобы жеңіске жетіп, арнайы дипломмен марапатталды.



