инженер педагогтардың білімін жетілдіру курсы

Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтардың біліктілігін арттыру да оқу бағдарламасын, әдіс-тәсілдерді педагогтың өзін-өзі шыңдауына шығармашылық пен жұмыс жасауына жол ашса, бұл педагог жұмысының жоғары кәсіби деңгейде болуын талап етеді.Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім беруде білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дені сау өзгермелі жағдайда білімді де білікті жастарды жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау.Осы мақсаттарды іске асыруда «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастыруымен Шамалған ауылында, «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде»,,»Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында 2022жылдың наурыз айының 28 -і мен 15 сәуір аралығында инженер педагогтардың білімін жетілдіру курсы өтті.Курска 20 адам қатысты. Курс барысында жұмыс оқу бағдарламасын, функционалдық карта, паспорт, сабақ жоспарын құруды,сабақ барысында сабақты жоспарлау моделі BOPPPS -ты қолдануда іс-тәжірибе алмастық. Инклюзивті білім беру де барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үрдіс бойынша мәлімет алдық.»Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің» оқытушылары Үсенова Б.А , Шамыгулова Б.К , Культаев Ғ.Д , Нұрман М.М білімізді осы бағыт бойынша жетілдірдік.

Өндірістік оқыту шебері Шамыгулова Б.К.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.