Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейімен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен жоспар негізінде, Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай “Бұғауын үзген боданның, қайраткерлері даламның!”-атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Желтоқсан оқиғасының куәгері Ақдала орта мектебінің мұғалімі Өксікбаева Раушан Көштайқызы, Бақанас мектеп -интернаты кітапханашысы Жанна Нахақызы және Балқаш аудандық Жастар ресурстардың орталығының қызметкерлері мен студенттері қатысты. Шара барысында Музей қызметкері Зәуреш Жұмағалиқызы өзінің “Тәуелсіздік-бақ тұғыры елімнің!” атты поэмасымен кешті ашып, Желтоқсан куәгері Раушан Көштайқызы 1986 жылғы Желтоқсанның қаралы күндерінің естеліктерін айтып, Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарының, КСРО-ның, тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресінің тарихи маңызына тоқталып өтті. Колледж студенттері Тәуелсіздік құндылығы жайлы ой толғап, Жанна Нахақызы тәуелсіздікке арнаған өз туынды жырларын оқыды. #Біртұтас_тәрбие






