«ЖИТС (СПИД)- ғасыр індеті»

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі Балқаш аудандық орталық ауруханасымен бірлескен жоспар негізінде студенттерге жұқтырғыш иммундық тапшылығы синдромының алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында «1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне» орай «ЖИТС (СПИД)- ғасыр індеті» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Шараға колледж мейірбикесі Ж.Кулынбаева мен Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог –дәрігері Нұрпейіс Ағабекұлы қатысты. Шара барысында ЖИТС және оның алдын алу жайлы толық мағлұмат беріп, бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ -жауап айдарында студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ойларымен бөлісті. Студенттер толық мағлұмат алу үшін парақшалар мен буклеттер таратылды.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.