Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен жоспар негізінде жастарға адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында «Оян, ар мен адалдық!» атты студенттермен сұхбат өтті. Шара барысында жастарға ар мен адалдықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққақарсы мәдениетті қалыптастыруда өз баяндамаларын, пікірлерін ортаға салып, тек батыл іс-әрекеттер ғана жағдайды күрт өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың етек жаюын төмендетуге болады деп өз ойларын білдірді. #Біртұтас_тәрбие




