«Төтенше жағдайлар кезінде адамның қауіпсіздігі»

Балқаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен жоспар негізінде студенттерге төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, балалар мен ата-аналардың өмір қауіпсіздігі жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Төтенше жағдайлар кезінде адамның қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өтті. Шара барысында Балқаш ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Аманбаев, ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Б.Ахантай, ТЖБ инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты А.Еміл төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы баяндама оқып, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы слайд пен бейнематериалдар көрсетіліп, толық ақпараттар берілді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.