
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға арналған білім беру жүйесін дамытуға, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы жылы жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аударылып, жастарды осы салаға тарту және еңбек дағдыларын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланатын болады.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы Қазақстанның еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға арналған ауқымды қадам болып табылады. Бұл шаралар ел экономикасын дамытып, жұмысшы мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жастарды еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға тарту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру көзделіп отыр.
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған іс-шаралар жоспары негізінде жыл бойы әр түрлі деңгейдегі шаралар атқарылатын болады. Бұл шаралар ел экономикасын дамытып, жұмысшы мамандықтарының беделі мен сұранысын арттырып, жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
