2025 жылы 14 қаңтар күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Сланбекованың ұйымдастырумен ерте жүктіліктің себептері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында колледж студенттері мен психолог Э.Иса және колледж мейірбикесі Ж.Кулынбаеваның қатысуымен «Ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Шара барысында қатысушыларға жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша толық ақпарат берілді. Жиналыс барысында сұрақтар қойылып, ерте жүктіліктің әлеуметтік және денсаулыққа әсері туралы дәріс, қыздарға арналған кеңестер мен жауапкершілікті түсіну және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ұсыныстар берілді.
