2025 жылы 16 қаңтар күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде студенттер арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» құқықтану бойынша викторина ойыны өткізілді. Мақсаты: ойын барысында студенттерге өз құқықтарын білу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдар мен құқықтар туралы маңызды ақпарат беру. Ойын құқық негіздері, құқық қорғаушы органдар, азаматтық құқықтар, құқық бұзушылық және жазалар деп аталатын төрт кезеңнен тұрды. Ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған студент Маратұлы Арман жеңімпаз атанды. Осы викторина ойын арқылы студенттер өздерінің құқықтарын жақсырақ біліп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

