«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханашысы А.Қуанышбай «Кітап айналымы» акциясы: буккроссинг бұрышын толықтыру және жаңарту» шарасы кітаптарды еркін айналымға енгізу және оқырмандар арасында кітап алмасу үрдісін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға кітап сүйер 11-12 топ студенттері қатысты. Қатысушылар өздерінің кітап қорларын ұсынды, сонымен қатар басқалардың кітаптарын таңдап алып оқуға мүмкіндік алды. Шара барысында кітаптар әртүрлі жанрларда, авторлар мен бағыттарда ұсынылды.




