Құрметті Балқаш ауданы тұрғындары!

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Су тасқынына дейін: — Су тасқынының мүмкін болуы туралы тұрғындарға гидрометерологиялық мәліметтерге, хабарландыруларға, радио, теледидар және дауыс ұлғайтқыш құралдары арқылы хабарлар берілетініне назар аудару. Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын жасау, су тасқыны қатері білінгенде газ, су электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру, көлікпен немесе жаяу болсын көтеріңкі жерге орналасу және басқарушы органдардың қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындау су тасқыны кезінде өміріңізге төнген қатер мен дүние-мүлік шығынын едәуір төмендетеді. Мүмкіндігінше мал-жанды қорадан шығарып жіберу керек.

Су тасқыны кезінде: — Басқару органдардың тиісті нұсқаулары болмайынша, қауіпсіз жерде қалыңыз, тасқын суды кешіп өтем демеңіз, тасқын су адам үшін қатерлі екенін ұмытпаңыз. Егер, Сізге көмек керек болса, орналасқан орнынды білдіру керек: күндізгі уақытта ақ немесе түрлі түсті мата іліп, түнгі мезгілде – жарық сәулелерін түсіру арқылы. Көмек келгенге дейін үйлердің шатырында немесе жоғары қабаттарда орналасып, ағаштар мен биік жерлерге шығу қажет. Қауіпсіз жерге көшу үшін қайық, катер, ағаштардан жасалған немесе басқа қолдағы заттарды пайдалануға болады. Су тасқынынан кейін: — Су тасқынынан кейін үйге кірмес бұрын, фундаментінің тұтастығын, қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін, газ және электр жүйелерін мұқият тексеріңіз, есік – терезелерді ашып, желдету керек. Зақымданған электр және газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз. Су қайтқаннан кейін үзілген, салбыраған электр сымдардан абай болу қажет. Түзету шаралары жүргізілмей, ашық отты, электр жарығын пайдалануға болмайды.

Құрметті Балқаш ауданы тұрғындары, тұрғын үй ауласын су басудан алдын алу мақсатында, Сіздерден су ағатын арықтарыңызды, өткелдерді, көпір астыларын қардан, мұздан, тұрмыстық қалдықтардан тазартуларыңызды сұраймыз.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.