Адалдық — ардың ісі

2025 жылы 11 ақпан күні «Саналы ұрпақ клубы» мүшелерінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жастар рухы» Жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы Бекбергенов Медет Сейдахметұлы мен «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқазы Әділет Нұрболатұлының қатысуымен «Адалдық — ардың ісі» атты TedX форматында кездесу өткізілді. Бұл кездесудің мақсаты жастар арасында адалдық, әділдік, және моральдық құндылықтарды насихаттау, жастарды қоғамда белсенді болуға шақыру, сондай-ақ еріктілік пен әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Кездесу барысында қонақтар өз тәжірибелері мен ой-пікірлерін бөлісіп, студенттермен сұхбат жүргізді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.