«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Бақанас ауылындағы «Сүндетбай болыс» саябағында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттерінің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық сананы қалыптастыру және еңбекке деген құрметті насихаттау. Шара барысында «Сүндетбай болыс» саябағына бірнеше түп ағаш отырғызылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.







