«Қазақстанның үздік 100 топ студенті» – Қуаныш Аршын, 2 курс студенті, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің кандидаты.
Мамандығы: «10130300-Тамақтандыруды ұйымдастыру». Қуаныш
Аршын колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, Студенттік парламенттің Мәдениет және Өнер фракциясының мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, шығармашылыққа жақын, түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысады. Аршын спортқа да бей-жай қарамайды, белсенді өмір салтын ұстанып, өз талантымен көпшілікке үлгі көрсетіп келеді.
Қазақстанның үздік 100 топ студенттерінің бірі болу жолында сәттілік тілейміз!

