Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіне Балқаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімше бастығы сержант Қанатұлы Б. және 3660 әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі майор Ауелов Қайсар Мұхтарұлы келіп, Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық Ұлан академиясы және Құрлық әскерлері институтына түсу жолдары туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.





