«Ардагерлерді ардақтайық»

Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек, Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә, бұл бір халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезең еді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді. 

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудан жастары және еріктілерден құрылған тыл еңбек ардагерлеріне тұрмыстық көмек көрсету акциясы өткізілді. Акцияға Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері де белсене қатысты. Шара мақсаты жастардың патриоттық негізін дамыту, аудан жастарын отансүйгіштікке адамгершілікке тәрбиелеу, татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.