Ауған ақиқаты

            Жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен ұлттық ұлы тұлғаларының ерлік істері, өнегелік өмірін негізге ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп отансүйгіштікке баулу. Ұлы Отан соғысы және ауған соғысындағы ерлігімен даңққа бөленген қазақтың ұл- қыздары бүгінгі жастарға үлгі. Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі- Отан. Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ отбасындағы тәрбие өзегі. Өз Отанын сүйетін, ұлтына қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу еліміздің  басты міндеті.Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіштері жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық пен экономиканың қарыштап өрістейтіні белгілі. Елімізде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің өткір мәселесі.Сондай патриоттық іс-шара Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде АӘД пәні  оқытушы-ұйымдастырушысының  ұйымдастыруымен «Ауған ақиқаты»атты патриоттық кездесу кеші өтті,бұл іс-шараға Бақанас және Ақдала ауылының ардагерлері келді,атап айтқанда Қантбеков Мейрамбек,Қожабеков Мұқанғали,Молдабаев Манат,Давлетов Сансызбек және Талапбаев Еркінбек  ағаларымыз студенттердің қойған концерттік бағдарламасын тамашалады.21 топ студенттері Сұлтан Әсем мен Өрісбек Нұрсұлтан кездесу кешін Қазақстан Республикасының гимнымен ашып, соғыста қаза болғандардың рухына бір мин үнсіздік жариялады.Әрі қарай Ауған соғысы тарихынан слайдпен қысқаша мәлімет берді13 топ студенті Тілеубай Шыңғыс ардагерлерге арнау оқыды және 23 топ студенттері Аскер Арман мен Алихан Абылай АК-74 оқулық қаруын бөлшектеп және жинақтаудан сайысты.Саз мектебіне келген жас мамандар ардагерлерге домбыра және баянмен күй орындап берді.Ашық микрофон айдарында залдағы студенттер ардагерлерге сұрақтар қойды:Сіз ауған соғысына барған кезде неше жаста едіңіз?Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат-мүддесі түсіндірілді ме? және т.б.Кейіннен 2001 жылы туылған ер студенттерге ауған ардагерлері тіркеу кітапшасын салтанатты түрде тапсырды. 21 топ студенті Төлеген Мадиярдын орындауында «Алға Қазақстан»әнімен кешіміз аяқталып сөз соңында колледж директоры Бақытжан Нұртайұлы Өксікбаев ардагерлерді тағыда мерекесімен құттықтап, студенттерге оқуда озық болуға,еңбекте белсенді болуды және өз отаны Қазақстан Республикасының нағыз патриоты болу керектігін айтты.Студенттер ардагер ағаларымызға ән мен күйден шашу шашып және осы кездесуден ерекше әсер алғандарын айтты.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.