2018 жылдың 6 наурызы күні кітапхананың оқу залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” атты еңбегімен таныстыру мақсатында кітапханашы Қ.Берсугурованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге оқытушылар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде оқытушылар Елбасының кітабы туралы өз ойларын ортаға салды. 1 бөлім бойынша тарих пәнінің оқытушысы Сланбекова Қарлыға, 2 бөлім бойынша қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жумадилова Қаракөз, 3 бөлім бойынша әдіскер Демеукулова Гаухар, 4 бөлім бойынша бөлім меңгерушісі Нұрман Мақсат, студенттерге Тәуелсіздігіміздің 26 жыл ішіндегі алған асулары мен қол жеткен жетістіктері туралы баяндап берді. Дөңгелек үстелді колледж директоры Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы қортындылады. Видеофильм, слайд көрсетілді. Барлық топтарда топ сағаттары өткізілді.






