Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 31 қазан күні жастарды діни экстремизм мен терроризм ағымдарынан аулақ болу, діннің тәрбиелік рөлін түсіндіре отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Махмет Гүлнұр Рахыбайқызы және «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Балқаш ауданы бойынша инспекторы Әбілхами Мейрам қатысты. Кездесу барысында студенттерге діни экстремизмнің зардаптары туралы бейнефильм көрсетіліп, «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Балқаш ауданы бойынша инспекторы Әбілхами Мейрам студенттерге «Діни сенім әр түрлі, ал заң баршаға бірдей» тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі емес діни топтардан сақтану жолдары туралы, ал «Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының» маманы Махмет Гүлнұр Рахыбайқызы «Ғаламтордағы діни топтардың әрекеттері және арбау технологиясы» тақырыбында кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында студенттер кездесу қонақтарына сұрақтар қойып, сұрақтарына жауаптарын ала отырып, өз пікірлерімен бөлісті.



