«Адалдық сағаты»

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 2019 жыл 6 қарашада өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу мақсатында «Адалдық сағаты» атты іс-шара өтті. Шараға Балқаш аудандық мәслихат хатшысы К.Омаров, «Нұр Отан» партиясы, Балқаш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Садықбаев, Бақанас селолық округінің әкімі Д.Төлеубек қатысты. Адалдық сағаты барысында жастарға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққақарсы мәдениетті қалыптастырудаөз пікірлерін ортаға салып, тек батыл іс-әрекеттер ғана жағдайды күрт өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың етек жаюын төмендетуге болады деп өз ойларын білдірді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.