Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім білдірген. 2019 жылдың 2-ші қараша мен 13-ші қараша аралығында колледж студенттерін спортқа деген қызығушылықтарын арттыру барысында, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Спорт-денсаулық кепілі» атты АӘД және дене тәрбиесі пәнінің апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – Студенттердің бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу. «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Дене тәрбиесі пәні апталығының өтілуі барысында барлық топтар арасында әр түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды.
1. 100 метрге жүгіру
2. Орнынан ұзындыққа секіру
3. Қол күрес
4. Арқан тартыс ойыны
5. Колледж студенттерге кросстық эстафеталық жарыс
6. Биік кермеде тартылу
7. АК-74 шашып-құрау уақыттқа
8. Тир ату Әр топтан 4-студентке атқызу
9. Футболдан студенттер арасында жарыс
10. Волейболдан студенттер арасында жарыс
11.Колледж ұжымы арасында үстел тенистен жарыс
2.11.2020 ж апталықтың ашылуы болды, апталықтың жоспары хабарланып, стендке ілінді. Апталықтың тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі».
3.11.2020 ж топ студенттерінің арасында Эстафеталық ойындар түрлерінен сайысы өтті. (Арқан тартыс, Орыннан ұзындыққа секіру, 100-метрге жүгіру, кеудеге итеру жасау жане 2000км Эсафеталық жүгіру) түрлерінен сайыстар өтті 21-топ Болашақ студентмерген болып І-орынды жеңді, ал ІІ-орын 31-топ Бірлік тобы студенттері, ІІІ- орынды 11-топ Жастар тобы қанағат тұтты. Қатысқан студенттерге марапаттау берілді. 04.11.2020 ж 1-2-3 курс студенттерінің арасында АӘД эстафеталық жарыс өтті. Бұл тапсырма бойынша биік кермеде тартылу, тир ату, гир көтеруден күш сынасу ұйымдастырылды.
05.11.2020 ж 1-2-3 курс ұлдар, қыздар арасында қол күрес және арқан тартыстан сайыс өткізілді. Ұлдар арасында 32-топ студенті Дюсенбай Жақсылық І-орынды жеңіп алды, ІІ-орынды 11-топ студенті Нұрзақ Алихан алса, ІІІ-орынды 21-топ студенті Қаратай Бағылан қанжығасына байлады.
Білек күшін сынап 16кг гір тасын көтеру сайысын өткіздік. Топ жарып бұл сайыста 11-топ студенті Нұрзақ Алихан 41 рет көтеріп І-орынды, 39 рет көтеріп Қожамұрат Әлшер ІІ-орын, ал ІІІ-орынды 31-топ студенті Қадіржан Бекзат 37 рет көтерді.
06.11.2020 ж футбол және волейбол ойынынан студенттер арасында жарыс өтті. Футболдан 1-орын 32-топ студенттері алса, 2-орын 31-топ студенттері алды, 3-орын 11-топ студентер қанағаттанды. Волейболдан 1-орын 11-топ студенттері алса, 2-орынды 31-топ студенттері алды. 3-орын 12-топ студенттері алды.
Ашық сабақтың тақырыбы – Баскетбол «Допты алып жүру тәсілдері» бойынша Курманбеков Айбол ашық сабақ өтті. Тақырыпқа сәйкес спорт түрін түсіндіре отырып, слайд, ойын әдіс-тәсілдері мен техникалары көрсетілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – Волейбол «Допты астыдан және үстінен екі қолмен қабылдау. Пас беру тәсілдері» тақырыбы бойынша Тасберік Досжан ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа сәйкес спорт түрін түсіндіре отырып, слайд, ойын әдіс-тәсілдері мен техникалары көрсетілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – «Калашников автоматын бөлшектеу және жинастыру реті» тақырыбы бойынша Шұғай Қуандық ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа сәйкес түсіндіре отырып, слайд, ойын әдіс-тәсілдері мен техникалары көрсетілді.
13.11.2020 ж дене тәрбиесі Және АӘД пәндерінен апталығының жабылу салтанаты өтті. Сонымен қатар, апталықтың қорытындысы бойынша, апталыққа белсенді қатысқан студенттерге марапаттау қағаздары мен сыйлықтар берілді. Студенттер апталықтан өте жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, спортқа деген қызығушылығы арта түсті. Апталық өз деңгейінде өтілді.
Дене тәрбиесінің және АӘД пәндерінің оқытушылары: Шұгай Қуандық, Курманбеков Айбол, Тасберік Досжан










