«Әннің гауһары, жырдың жауһары»

Ақпан айының 7 күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Әннің гауһары, жырдың жауһары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шарада «Мен жырыммен мәңгілік» атты кітап көрмесі қойылды. Әдеби-сазды кештің шымылдығы ақын өмірбаяны туралы бейнекөрініспен басталды. Бейнекөріністе ақынның өмірі, шығармашылығы, отбасы, қызмет жасаған ортасы, жарық көрген кітаптары жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар ақынның өмірден өткеннен кейінгі жарық көрген шығармалары да көрсетілді. Ақын өмірінің бір бөлшегі – өлеңдеріне жазылған әндер де шырқалды. Оған қоса, ақынның өз дауысы тыңдалды. Колледж студенттері ақынның жалынды жырларын жатқа, мәнерлеп оқып, әндерін орындап өз өнерлерін ортаға салды. Махаббат, табиғат, туған жер, қариялар, жүрек секілді тақырыптар шеңберінде көркемсөз оқылды. Сонымен қатар, студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнау өлеңдерін оқыды. Кештің соңғы қорытынды сөзін кітапханашы Берсугирова Куанкуль сөйлеп, ақын жайлы тың деректерді студенттерге айтып, осы кештің жақсы өтуіне атсалысқан студенттерге алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.