
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде ақпан айының 13күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен аудандық Ауған соғысының ардагерлері Қантбеков Мейрамбек, Молдабаев Манат, Давлетов Сансызбек және Талапбаев Еркінбектің қатысуымен «Ауған ақиқаты» атты патриоттық кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде Ауған соғысы тарихынан қысқаша мәлімет беріліп, соғыс жылдарындағы жас сарбаздардың ерлігі мен жау əскерлерінің қақтығыстары бейнеленген бейнематериал көрсетілді жәнесоғыста қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Әрі қарай шара барысында ардагер ағаларымыз студенттердің қойған концерттік бағдарламасын тамашалады және студенттер АК-74 оқулық қаруын бөлшектеп және жинақтаудан сайысты. Ашық микрофон айдарында залдағы студенттер ардагерлерге сұрақтар қойып, ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естеліктерімен бөлісті және Ауған соғысының ардагерлері колледждің 2003 жылы туылған студенттеріне әскер қатарына тіркеу куәліктерін табыс етті.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубысарбаздарының орындауында «Көк тудың желбірегені» әнімен кешіміз аяқталып, сөз соңында колледж директоры Бақытжан Нұртайұлы Өксікбаев ардагерлерді мерекемен құттықтап, студенттерге оқуда озық болуға,еңбекте белсенді болуды және өз отаны Қазақстан Республикасының нағыз патриоты болу керектігін айтты. Студенттер ардагер ағаларымызға ән мен күйден шашу шашып және осы кездесуден ерекше әсер алғандарын айтты.










