«Заң және Біз»

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 2020 жыл 12 ақпан күні студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, заңды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында қолледж студенттеріне арналған «Заң және Біз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледж психологі Ж.А.Сәмет студенттерге қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретіні туралы атап көрсетті. Сонымен қатар, колледж студенттері «Сенің құқығың» — кезеңі бойынша әр студент студенттердің құқықтары мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы баптарды айтып, таныстырды. «Студенттік ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бейнематериал көрсетіліп, бейнематериалға байланысты студенттерге сұрақтар қойылды. Әр топ студенттері тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, құқықбұзушылық және оның алдын алу туралы ойларын ортаға салды.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.