«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»

2022 жыл 1 қыркүйек күні колледжде 1 қыркүйек — Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты салтанатты жиын болып өтті. Ұйымдастырылған мерекелік шараға студенттер, ата-аналар, әлеуметтік әріптестіктер мен қамқоршылық кеңесі мүшелері қатысты. Мерекелік шара Мемлекеттік Гимнмен басталды. Салтанатты шарада колледж директоры Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы колледж ұстаздары мен студенттерін «1 қыркүйек-Білім күні» мерекесімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2021-2022 оқу жылында оқуда озат, колледжішілік және қоғамдық мәдени іс-шараларға белсенді қатысқан студенттерді Алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, арнайы шақырылған қонақтар, студенттердің ата-аналары да ыстық лебізін жеткізіп, білім күнімен құттықтау сөз сөйледі. Барлық топтарда жалпыреспубликалық «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттары өткізілді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.